ruende
-->

ЖОШЫБАЕВ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНДАРЫ ЖАС ЖІГІТТІҢ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

12 ноября 2019

Медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылымдар академиясының корреспондент мүшесі Сейтіхан Жошыбаев жетекшілік ететін Тараз Ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығының мамандары бірегей ота жасап, жас жігіттің өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды «TARAZ24» интернет арнасы.
Аса ауыр халде жеткізілген жас спортшыға Жамбыл облыстық ауруханасында «өкпе қан тамырының тромбоэмболиясы», қарапайым тілде айтқанда тамырдағы қатып қалған қан қозғалып, маңызды қан тамырын бітеп қалған деген диагноз қояды. Жедел түрде тамырға «тұзақ» қойылғанымен науқастың жағдайы жақсармағандықтан пациент Ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығына жеткізілген. Орталықтағы мультиспиралды компьютерлік томограф диагноздың дұрыстығын көрсеткеннен кейін ота жасау туралы шешім қабылданады. Жоғары санатты кардиохирург, орталық директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Икромжон Мухамедовтың айтуынша, өкпе тамырының бітеліп қалуы көп жағдайда өлімге әкеліп соғатын аса қатерлі ауру болып табылады. Тамырға қойылған «тұзақ» та, қатқан қанды еріту үшін қолданылатын дәрі-дәрмектер де көмектеспегендіктен жағдай тіпті қиындап кеткен.
Отаның сәтті өтетіндігіне деген сенім он-ақ пайыз еді. Дегенмен Тараз Ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығының мамандары отаны жоғары деңгейде өткізіп, өздерінің біліктіліктері аса жоғары екенін тағы бір дәлелдеді. Тамырдан көлемі сегіз және бес сантиметрлік екі тромб алынып тасталды. Жас жігіт жақында ауруханадан үйіне шығарылмақ.

Источник: https://taraz24.kz

Контакты

  • Адрес : 080000, Республика Казахстан, г.Тараз, просп. Абая, 196/1
  • Email : info@tarazcardio.kz
  • Телефоны : 8 (7262)54-28-00, 54-28-09
  • Факс : 8 (7262)54-28-00

Карта проезда

We use cookies to improve our website. Cookies used for the essential operation of this site have already been set. For more information visit our Cookie policy. I accept cookies from this site.Agree